АСТАНА, 27 қыркүйек— Sputnik. "Қазгидромет" РМК Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жариялады.
28 қыркүйек күні күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
27 қыркүйек кеше қарай және 28 қыркүйекте күні бойы Қостанай облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады.
28 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады деп болжануда, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады. 29 қыркүйекте кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Астана қаласында 28 қыркүйек күні таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.