Өңірлер

Алматыда студент кенеттен көз жұмды – дәрігерлер себебін айтты

Жедел жәрдемді уақытылы шақырғанда Нұрдос Айтпаевты құтқарып қалуға болар еді
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 қыркүйек — Sputnik. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика–математика факультетінің бірінші курс студенті Нұрдос Айтпаев шығарылған жері белгісіз күшті әсер ететін препараттан көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы "Жедел  медициналық жәрдем станциясының" баспасөз қызметі.  

СҚО-да құрбысының үйінен шығып кеткен студент қыз із-түзсіз жоғалды

Оқиға 24 қыркүйекте болған. 103 нөміріне сағат 19.46-да жатақхана бөлмесінде 19 жастағы жігіт ес-түзсіз жатқаны туралы қоңырау түскен. 5/55 бригадасы аталған мекенжайға диспетчер қоңырау қабылдағаннан кейін 14 минуттан соң жеткен. Дәрігерлер 30 минут жүрек-өкпе реанимациясын жасады, алайда жігітті құтқара алмады.  

Өлімге күшті әсер ететін препараттан улану себеп болған.

Қаза болған жігіттің әпкесі Гүлнұрдың айтуынша, Нұрдос Айтпаев Екібастұзда туып-өскен. Жігіт білімге құштар болған, жоғары оқу орнына грантқа түсіпті.  

Сол күні оның қасында қыз болған.

"Оған Арман деген біреу үнемі қоңырау шалатын. Біз оқиғаға дейін екі сағат бұрын кездестік. Оның қоңырауынан кейін Нұрдос бозарып кетті. Көңіл-күйі түсіп қалды. Ол Нұрдостан бір қабат жоғары тұратыны анықталды", — дейді қыз.

Сөмкесі "ұрланған" семейлік студент қыз ұятқа қалды

Гүлнұрдың пікірінше, алғашқы көмек көрсетілгенде бауырын құтқарып қалуға болушы еді.  

"Сағат 17.00-ден кейін болған, ол бөлмеде жалғыз қалған. Жедел жәрдемді екі сағаттан кейін шақырған", — дейді марқұмның әпкесі.  

Қыздардың айтуынша, Арман сол күні элиталы темекі сатып алғанын мәлімдеген. Дегенмен Гүлнұр ол синтетикалық есірткі болуы мүмкін деп болжап отыр.  

ІІД әзірге болған оқиғаға түсініктеме бермеді.