Өңірлер

СҚО-да құрбысының үйінен шығып кеткен студент қыз із-түзсіз жоғалды

Жазылу
Он жеті жастағы қыз көрші ауылдағы құрбысының үйінен шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз

ПЕТРОПАВЛ, 15 қыркүйек — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер құрбысының үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен 17 жастағы қызды төрт күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлады Sputnik-ке облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Полицияға Есіл ауданының Двинск ауылында тұратын 17 жастағы студент Марина Хрусталеваның ағасы хабарласқан. Ол сейсенбі күні Марина Корнеевка ауылындағы құрбысының үйінен шығып кеткенін айтқан. Содан бері оның қайда екені белгісіз. 

© Photo : СҚО ІІДСҚО-да полиция Марина Хрусталеваны төрт күннен бері іздеп жатыр
СҚО-да полиция Марина Хрусталеваны төрт күннен бері іздеп жатыр - Sputnik Қазақстан
СҚО-да полиция Марина Хрусталеваны төрт күннен бері іздеп жатыр

Жоғалған қыздың таныстарының айтуынша, оны бірнеше ауылда көргендер бар. Полицейлер қыздың нақты қайда екенін анықтаумен айналысып жатыр.  

Марина Хрусталеваның белгілері: шашы сары, иығына түседі, қой көзді. Қара-жасыл күрте, жасыл футболка, көк джинсы, қара кроссовка  киген, қолында жолдорбасы болған. Полицейлер оны көрген-білгендер болса 102 пультіне хабарлауды өтінеді.  


Жаңалықтар
0