Өңірлер

Сөмкесі "ұрланған" семейлік студент қыз ұятқа қалды

© Photo : StelaDiЧемодан, багаж
Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семейлік студент қыз сөмкесі ұрланғаны жайлы жалған ақпарат берген

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik.  21 жастағы семейлік студент қыз орталық полиция бөліміне өзін тонап кеткені жөнінде арыз түсірген.

Лада, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семей тұрғыны "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алғанына" өкініп қалды

Оның сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты. Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықтаған. Сөйтсе арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойыпты. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Хабар 24 ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жаңалықтар
0