Өңірлер

Семей тұрғыны "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алғанына" өкініп қалды

© Игорь РуссакЛада, архивтегі фото
Лада, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол сыйлықты алу үшін алаяқтардың "қайырымдылық қорына" қомақты ақша аударып жіберген

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Семей қаласында "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алған" азамат алданып қалды.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Димаштың атын пайдаланған алаяқтың кім екені анықталды

Таяуда 1985 жылы туған Бөгембайұлы көшесінің тұрғынына "Самсунг" ұялы телефоны мен "Лада-Гранта" автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек болған. Қуанышты хабарға есі кете сенген азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберіп, алаяқтарға алданып қалған.

Altaynews.kz сайты хабарлағандай, полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.

Жыл басынан бері Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 400 арыз келіп түскен. Шағым түсіргендердің 57-ісі телефон алаяқтарының құрбаны болған.


Жаңалықтар
0