Қоғам

Белгілі дәрігер дәретханаға түнде екі рет бару ненің белгісі екенін айтты

Оның айтуынша, ноктурия адамға түнгі уақытта толыққанды демалуға мүмкіндік бермейді
Sputnik

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Еуропа урологтары қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, доцент Зуфар Хакимходжаев ноктурияның (түнде кіші дәретке жиі бара беру) белгілері туралы айтып берді.

Қожағапанов: Қазақстанда әлемдік деңгейдегі екі-ақ дәретхана бар

Ол Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында пациенттер көп жағдайда аурудың жекелеген белгілеріне көңіл аудармайтынын айтты.

"Зәр шығару жүйесі бұзылғанда, ер адам көбіне мұны простатит немесе простата аденомасы деп ойлайды. Простатаның (қуық асты безі) ең жиі байқалатын түрі — ноктурия. Яғни, адам түнде бірнеше рет оянып, кіші дәретке барады", — дейді уролог.

Айтуынша, бұл проблеманың салдары ауыр.

"Ноктурияның қаупі — ол адамға түнгі уақытта толыққанды демалуға мүмкіндік бермейді. Ұйқысы қанбаған адам өзін шаршаңқы сезініп, жұмыс қабілеті төмендейді. Бірнеше ай, тіпті жылдар бойы дұрыс ұйықтамайтын адамның өзін қалай сезінетінін елестете беріңіз", — дейді дәрігер.

Ол зерттеу бойынша 40 жастан асқан адамдардың ұйқысының бұзылуына дәл осы ноктурия себеп екенін атап өтті.

Өскемендік кәсіпкерлер ақылды дәретхана жобасын ұсынып отыр

"Ауру, көбіне, ерлерде жиі кездеседі, мәселен, жетпіс жасқа қарай ер адамдың 70%, ал әйелдердің 50%-і осы аурумен ауырады. Ерлерде бұл патология, негізінен, простатамен байланысты. Ол басқа да, мәселен жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне ықпал етеді. Олардың ең кең таралғаны — артериялық гипертензия (жоғары қысым). Адам ұйықтап жатқанда, артериялық қысым 5-10 бірлікке төмендейді, ал ноктуриямен ауыратын пациенттердің жүрегі күндізгідей жұмыс істей береді. Статистика бойынша, төрт жылдан астам ноктуриямен ауыратын қан қысымы жоғары ерлер арасында өлім-жітім өте жоғары — 30 процентке жуық. Ал әйелдерде бұл көрсеткіш төмен — 10% шамасында", — дейді Хакимходжаев.

Ол урологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтап, уақытында емделу керектігін ескертті.