Қоғам

Қожағапанов: Қазақстанда әлемдік деңгейдегі екі-ақ дәретхана бар

© Sputnik / Павел Быков / Медиабанкке өтудәретхана
дәретхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Вице-министр басты талап ретінде дәретханада ыстық судың болуын алған

АСТАНА, 27 тамыз  Sputnik. Елімізде туризм дамып, туристердің көптеп келуін қаласақ, дәретханаға бару және оны салу мәдениетімізді қалыптастыруымыз керек. Осылай деп мәлімдеді мәдениет вице-министрі Ерлан Қожағапанов. 

Әуежай - Sputnik Қазақстан
Әуежайларда орындықта жатуға және дәретханада киім ауыстыруға тыйым салынды

Шенеунік Қазақстанда жол жиегінде тұрған екі дәретхананың ғана әлемдік деңгейге сай салынғанын айтып өтті. Басты талаптардың бірі  ыстық судың болуы екен. 

"Өкінішке орай, елімізде екі дәретхана ғана халықаралық деңгейге сай. Біз секілді туризмді дамытқысы келетін мемлекетте бұлай болуы тиіс емес. Елімізге қонаққа келетін әр адам қиындықсыз виза алып, таза дәретханаға барып, арзан қонақүйлерде тұрғаны дұрыс" деп мәлімдеді Қожағапанов. 

Сондай-ақ, вице-министр дәретхананың бизнесті шығынға батыратынын айтып, дәретхана құрылымын қолға алған кәсіпкерлерді субсидиялауды ұсынды. 

Жаңалықтар
0