Әлем

Әуежайларда орындықта жатуға және дәретханада киім ауыстыруға тыйым салынды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуӘуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді Ресейдің Домодедово, Шереметьево және Жуковский әуежайларында жолаушыларға орындықта жатуға және музыканы бар даусын шығарып тыңдауға болмайды

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мәскеу облыстық думасының депутаттары аэровокзал кешенін пайдаланудың жаңа ережелерін бекітті. Құжат думаның ресми порталында жарияланған.

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада әуежай тұрағының тарифтері төмендейтін болды

Ережелерге сәйкес, аэровокзал кешенінің аумағы мен жабдықтарын ластауға, орындықтарда, креслоларда, баспалдақ пен баспалдақ алаңында жатуға, еденде, баспалдақ пен баспалдақ алаңында отыруға тыйым салынады. Бұған қоса, енді күту залдарында орындыққа жүк қоюға болмайды. 

Сондай-ақ, құлаққапсыз музыка тыңдауға, эскалатор мен траволаторда жүгіруге тыйым салынды. 

Сонымен қатар, әуежай аумағында лас әрі жағымсыз иіс шығатын киіммен, беті ашық ыдыстағы балмұздақпен жүруге болмайды. Кешен аумағында мүгедектер арбасынан басқа, велосипед, самокат, роликті коньки және басқа да спорт құралдарымен қозғалуға тыйым салынған. 

Дәретхана бөлмелерінде душ қабылдауға және киім ауыстыруға болмайды. 

Ережелерді бүзған жолаушыларға әкімшілік жаза қолданылады. Айыппұл мөлшері азаматтар үшін 100-ден 500 рубльге дейін, лауазымды тұлғалар үшін 1000-нан 2000 рубль, заңды тұлғалар үшін 2000-нан 4000 рубльге дейін қарастырылған.

Жаңалықтар
0