Қоғам

Астанада әуежай тұрағының тарифтері төмендейтін болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана әуежайы
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әуежайы бірнеше даулы оқиғадан соң тұрақ тарифтерін төмендететін болды

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 1 қазаннан бастап Астана әуежайы аумағындағы тұрақтар төмендетілген жаңа тарифтермен жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды "Астана LRT" ЖШС.

Компания мәліметінше, Астана халықаралық әуежайындағы көлік тұрағын басқару бойынша жоба моделі қайта қаралды.

"1 қазаннан бастап P-1, P-3, P-5, P-6 и P-7 тұрақтары жаңа принциппен жұмыс істейтін болады. Енді P-1 қысқа мерзімге ғана емес, ұзақ мерзімге де беріледі, сол себепті 1 қазаннан бастап төмендетілген тарифтер іске қосылады", — деп хабарлады компания.

Астана халықаралық әуежайының жаңа тарифтеріне сәйкес P-1 тұрағы үшін төленетін сома:

  • алғашқы 30 минут – тегін;
  • 30 минуттан 1 сағатқа дейін – 300 теңге;
  • 1 сағаттан 2 сағатқа дейін – 400 теңге;
  • 2 сағаттан 3 сағатқа дейін – 600 теңге;
  • 3 сағаттан 24 сағатқа дейін – 2500 теңге;
  • содан кейінгі әрбір тәулік үшін – 2500 теңге.

 

Жаңалықтар
0