Өңірлер

Өскемендік кәсіпкерлер ақылды дәретхана жобасын ұсынып отыр

CC0 / / Қоғамдық әжетхана
Қоғамдық әжетхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәретхана бизнесінен түсетін пайда, оның қызметіне сай болуы керек

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Өскемендік кәсіпкерлер ақылды дәретхана жобасын ұсынып отыр, деп хабарлады Алтайньюс. 

Қоғамдық әжетхана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттегі ерекше әжетхана желіде қызу талқыланып жатыр – видео

Шығыс өңірі еліміздегі туристік аймақтардың бірі саналатындықтан, өңірде жол бойында орналасқан дәмханалар мен асханалардың саны көп. Олардың көпшілігінің жағдайы мәз емес, жарық, тазалық жағын айтпағанның өзінде,  аталған дәретханалардың жай ғана қалқа екені жасырын емес.

YK-news.kz сайтының мәліметінше, жаңа жобаға сәйкес дәретхана иесі өзінің өнімінен түсетін қаржының есебінен дәретханаларды таза және ұқыпты ұстауы тиіс. Дәретхана бизнесінен түсетін пайда, оның қызметіне сай болуы керек. Бұл — жол бойындағы қызмет сапасының өсуіне де үлкен сеп.

Жоба дайын тұр, ендігі қиындық — біз жол бойындағы дәмхана иесінің учаскесіне аталған дәретхананы күштеп орналастыра алмауымызда. Дәретхананы жуғылары келмейді, бірақ одан пайда түседі ғой. Оңтүстік өңірлерде бұл мәселе баяғыда жолға қойылған. Оңтүстік Корея, Қытай сияқты елдерде 2015 жылдардан бері "Дәретхана революциясы" деп аталатын ауқымды бағдарлама жүргізіліп келеді. Бұл жерде барлығы дәмхана иелерінің қалауы мен ниетіне байланысты,-дейді ШҚО туризм басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.


Жаңалықтар
0