Мәдениет

Француз режиссер Шымкенттен шабыт алып кітап жазғанын айтты

Алматылықтар І Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі аясында "Айка" фильмін тамашалай алады
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек — Sputnik, Айгерім Таубай. Осы жолы төрт күнге ғана келгендіктен, Түркістанға жолым түспеуі мүмкін. Десе де Қазақстан маған ерекше ұнайды. Осылай деді франциялық продюсер Марк Рускар Алматыда өтіп жатқан І Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі кезінде.

Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек

Аталған фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасымен ұйымдастырылып отыр. Ол 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.

Шара аясында бүлдіршіндер қазақ тіліне аударылған Disney мультфильмдерін тамашалайды. Ал сағат 20:00-де қала тұрғындары мен қонақтары Самал Еслямова ойнайтын "Айка" фильмін көре алады. Аталған туындының режиссері — ресейлік Сергей Дворцевой.

Фестивальге Қазақстан, Франция, Ресей, АҚШ және т.б. елдер түсірген 10 туынды қатысады. Кейін жеңімпаздар бес аталым бойынша марапатталады. Олар — "гран при", "үздік режиссер", "үздік актер", "үздік актриса", "қазылар алқасының арнайы сыйлығы".

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конурсқа қатысқан фильмнің барлығы 2017 — 2018 жылдары түсірілген.

Төреғали Төреәлі комедиялық фильмде басты рөлді сомдады

"Бұл кино фестивальдің пайдасы мол және ол жаңа есімдердің халыққа танылуына көп көмегін тигізеді. Кезекті фестивальдің басталғанына ерекше қуаныштымын. Ол әрі қарай да өз жалғасын табады деп сенемін. Сондай-ақ, фестиваль аясында талантты жастардың өнерін тамашалаймыз деп үміттенемін", — деді ресейлік режиссер Сергей Бодров.

Нұрлан Санжар: Самал Еслямова марапатты ресейлік актриса ретінде алды

Фестивальге қатысып жатқан туындыларды әлемдік деңгейдегі кинематографтар бағалайды. Олардың арасында неміс актрисасы Настасья Кински, француз продюсер Марк Рускар мен Пьер Спенглер, қазақстандық продюсер Гулнәр Сәрсенова бар. Ал қазылар алқасына ресейлік режиссер Сергей Бодров төрағалық етеді.

Франциялық продюсер Марк Рускар денсаулығының сыр беріп жүргеніне қарамастан, Алматыдағы шараға қуана келгенін айтады. Сондай-ақ, ол бір кездері Түркістан қаласынан ерекше шабыт алып, кітап жазған күндерін еске алды.

"Бұрын-соңды Қазақстанға келгенмін. Шымкентте 4-5 апта болып кітап та жазған едім. Қасиетті Түркістан мен Алматы қаласында да бірнеше рет болдым. Бұл жолы 4 күнге ғана келгендіктен, Түркістанға жолым түспеуі мүмкін. Десе де, Қазақстанның маған ұнайтыны сөзсіз. Сол себепті дәрігер тыйым салса да келген жайым бар. Сондай-ақ, осы шарада Сергей Бодров пен Пьер Спенглердің де болатынын білгендіктен келдім", — деді франциялық продюсер Марк Рускар.