Мәдениет

Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаш Құдайбергенмен кездесу
Димаш Құдайбергенмен кездесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фильм жобасы Астанада 1-7 шілдеде өтетін "Еуразия" кинофестивалі асында талқыланады

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Қытай кинокомпаниясы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы шығармашылық және ғылыми интеллигенция форумының кулуарында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсахожаева айтты. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

"Биыл "Еуразия" кинофестиваліне келетін BJ Brothers компаниясымен ынтымақтастық орнатамыз. Компания біздің белгілі орындаушымыз Димаш Құдайберген туралы фильм түсіргісі келеді. Димаш туралы фильм жасау бойынша ұсыныс көп, біз оны Канн фестивалінде фестиваль директорымен талқылаған болатынбыз", —  деді Мұсахожаева.

Болашақ фильмнің тұжырымдамасы, сюжеті мен жанры қандай болатыны әзірге белгісіз. Таяу күндері жоба егжей-тегжейлі талқыланады, деп толықтырды Мұсахожаева.  

Ректор биыл Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінен диплом алып, елордаға салтанатты бітіру кешіне келетінін айта кетті. 


Жаңалықтар
0