АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Аялдамадан табылған иесіз пакет Астана полицейлерінің күдігін туғызды.
Оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне хабарлағандай, тәртіп сақшылары Кенесары бойында табылған пакеттің ішінде не барын тексерген.
Қалалық ішкі істер департаменті ақпаратты растады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшені қоршауға алмаған. Алайда қауіпсіздік мақсатында аялдаманы қоршапты.
Тексеру барысында мамандар қауіпті ештеңе тапқан жоқ. Пакетте жеке заттар ғана болған. Қазір иесін анықтап жатыр.
Биыл жазда сырт көзге күдік туғызатын чемодан Астана тұрғындарының зәресін алған еді, чемоданды ІІД қызметкері "минасыздандырған".