Оқиға

Алматыда дәмханалардың бірінен табылған пакет жұрттың үрейін туғызды

© Sputnik / Болат ШайхиновӨтуге болмайды
Өтуге болмайды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция дәмхананы қоршап, адамдарды қауіпсіз жерге шығарған

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Алматыда дәмханалардың бірінен табылған пакет жұрттың үрейін алды, деп хабарлады полиция Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға куәгерлері түсірген суретте Әуезов көшесінің бір бөлігі қоршалыпты. Бұл ақпарат мессенджерлер арқылы тарап кетті.

© Photo : Куәгерлер түсіргенКүдік туғызатын пакет табылған дәмхана қоршауға алынды
Күдік туғызатын пакет табылған дәмхана қоршауға алынды - Sputnik Қазақстан
Күдік туғызатын пакет табылған дәмхана қоршауға алынды

"Алматының жедел қызметтері Бостандық ауданында орналасқан дәмханадан күдік туғызатын пакеттің табылуы туралы ақпаратты тексеріп, тиісті шаралар атқарды", — деп хабарлады Алматы ішкі істер департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Пакеттен тыйым салынған заттар табылмады. Дәмхана жұмысын әрі қарай жалғастырып жатыр. Полицейлер сақтық пен белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айтты.

Жаңалықтар
0