Оқиға

Астанада аялдамада жатқан пакет жұртты дүрліктірді

© Sputnik / Болат ШайхиновПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар пакеттің ішінен күдік туғызатын ештеңе тапады, иесі іздестіріліп жатыр

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Аялдамадан табылған иесіз пакет Астана полицейлерінің күдігін туғызды.

Өтуге болмайды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда дәмханалардың бірінен табылған пакет жұрттың үрейін туғызды

Оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне хабарлағандай, тәртіп сақшылары Кенесары бойында табылған пакеттің ішінде не барын тексерген.

Қалалық ішкі істер департаменті ақпаратты растады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшені қоршауға алмаған. Алайда қауіпсіздік мақсатында аялдаманы қоршапты.

Тексеру барысында мамандар қауіпті ештеңе тапқан жоқ. Пакетте жеке заттар ғана болған. Қазір иесін анықтап жатыр.

Биыл жазда сырт көзге күдік туғызатын чемодан Астана тұрғындарының зәресін алған еді, чемоданды ІІД қызметкері "минасыздандырған".

Полиэтилен пакеттерден бас тарту ұсынылды

Жаңалықтар
0