АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін елімізде қызметкерлері құрбан айт күндері 61 191 отбасыға 439 тонна 950 келіге жуық құрбандық етін таратты.
Мешіт таратқан құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша жағдайы нашар жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді. "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды, деп хабарлады ҚМДБ.
Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.