Қоғам

Қазақстан мешіттері 61 мың отбасыға құрбандық етін таратты

© Sputnik / Болат ШайхиновӘзірет сұлтан мешіті
Әзірет сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайырымдылық акциясына еліміздегі 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін елімізде қызметкерлері құрбан айт күндері 61 191 отбасыға 439 тонна 950 келіге жуық құрбандық етін таратты.

Құрбан Айт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: Құрбан айт рухани тұтастығымызды нығайта түседі

Мешіт таратқан құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік тұрмысы төмен және көп  балалы отбасыларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша жағдайы нашар жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді. "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды, деп хабарлады ҚМДБ.

Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.

Жаңалықтар
0