Спорт

Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін спорттан екі жылға шеттетіліп, Олимпиада медалін қайтаруға мәжбүр болған еді
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында Зульфия Чиншанло топ жарды. 

Илья Ильин жаттығуда қанша келі көтеріп жүргенін айтты

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 75 келіден бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 келі, үшінші рет шыққанда 90 келі көтерді.

Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 келіге тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады. Нәтижесінде 202 келі (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді, деп жазды prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы допингке байланысты спорттан шеттетілген Зульфия Чиншанлоны жарыстарға қатыстырмау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын.