Спорт

Илья Ильин жаттығуда қанша келі көтеріп жүргенін айтты

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үлкен спортқа оралған Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Үлкен спортқа қайта оралған ауыр атлет Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ильиннің жақын арадағы жоспары – Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, қыркүйекте өтетін әлем біріншілігіне жолдама алу. 

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ильин: мен бақытты жанмын

"Одан кейін Токио Олимпиадасына лицензия аламыз. Егер болмай қалса, ары қарай не істейтінімді ойланамын. Қазір менің мақсатым – Қазақстан чемпионатында жеңу. Мен тек жеңістен дәмелімін", — деді Ильин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Екі жыл спорттан шеттетілгеніне қарамастан, спортшы жақсы формада екенін айтты. 

"Қазір мен жақсы формадым, максимумның 75 проценті деп айтуға болады, салмағым 101-ден 103 келіге дейін. Жұма күні жұлқи көтеруде 172 келі, серпе көтеруде 212 келі көрсеткішке жеттім. Бапкерімнің маған көңілі толады. Әрине, кейде аяғым ауырыңқырап қалатын кездер болады. Қалай десекте 22 жыл спортта жүрмін. Бірақ бұл қалыпты нәрсе. Жалпы, менің жағдайым 90 пайыз жақсы деп ойлаймын. Ары қарай да жақсара береді", — деді Ильин. 

Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылған соң 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылып, екі жылға шеттетілген болатын. Ауыр атлетті спорттан шеттету мерзімі осы жылдың 10 маусымында аяқталды.  


Жаңалықтар
0