Спорт

Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЗульфия Чиншанло. Архивтегі фото
Зульфия Чиншанло. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін спорттан екі жылға шеттетіліп, Олимпиада медалін қайтаруға мәжбүр болған еді

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында Зульфия Чиншанло топ жарды. 

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильин жаттығуда қанша келі көтеріп жүргенін айтты

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 75 келіден бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 келі, үшінші рет шыққанда 90 келі көтерді.

Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 келіге тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады. Нәтижесінде 202 келі (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді, деп жазды prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы допингке байланысты спорттан шеттетілген Зульфия Чиншанлоны жарыстарға қатыстырмау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын.


Жаңалықтар
0