Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

28-30 тамызға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik. 

Астанада нөсер жаңбыр кезінде қайықпен жүзген екі жігіт жазаланды

"Атмосфералық фронттар мен жоғарғы циклонның ықпалынан алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Климаттық нормадан 2-3°С төмен күзгі салқын ауа температурасы солтүстік және орталық облыстарда сақталады, ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста суық атмофералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді және нормадан 1-3°С төмен болады", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Тек Қазақстанның батысында антициклон және оңтүстік-батыста Кіші Азия аймағынан ыстық ауа әкелетін тропосфералық ағындардың әсерінен күн ыстық және жауын-шашынсыз болады, максималды температура плюс 28…35°, ал кей жерде тіпті 40 градусқа дейін көтеріледі.