АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.
"Атмосфералық фронттар мен жоғарғы циклонның ықпалынан алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Климаттық нормадан 2-3°С төмен күзгі салқын ауа температурасы солтүстік және орталық облыстарда сақталады, ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста суық атмофералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді және нормадан 1-3°С төмен болады", — деп хабарлайды синоптиктер.
Тек Қазақстанның батысында антициклон және оңтүстік-батыста Кіші Азия аймағынан ыстық ауа әкелетін тропосфералық ағындардың әсерінен күн ыстық және жауын-шашынсыз болады, максималды температура плюс 28…35°, ал кей жерде тіпті 40 градусқа дейін көтеріледі.