АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Астанадағы су алып кеткен даңғылда үрлеме қайықпен жүзген ер адамдар жазаланды.
Нөсер жаңбыр кезінде елорда тұрғындары қайыққа отырып алған екі адамды байқаған еді.
Жергілікті полиция қызметі Sputnik агенттігіне хабарлағандай, тәртіп сақшылары жігіттердің бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалаған. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 434-бабына сай хаттама толтырылған.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты "қайықшылардың" әрқайсысына 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды.
Астана қаласында дүйсенбі күні нөсер жауын жауып, көшелерді су басып кетті. Тіпті бағдарлы автобустың салонына жаңбыр суы кіріп кеткен.
Кейінірек қала билігі тұрғындардан кешірім сұрап, жаңбыр суын ағызуға қатысты проблеманы 2019 жылы шешуге уәде берді.
- Астананы тағы су басуы ықтимал
- Астананы су алып кетуіне байланысты Сағынтаев қала әкіміне ескерту жасады
- Астананы су басты: Тоқаев қала билігін қатаң сынға алды