Саясат

Сириядан оралғандардың тағдыры не болады? Назарбаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Батыс Қазақстанда қаруланған экстремистер тобы құрықталды

Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.   

Оралдық төрт баланың анасы Сирияға неліктен кеткенін айтып берді