Оқиға

Батыс Қазақстанда қаруланған экстремистер тобы құрықталды

Жазылу
Радикалдар Қазақстан аумағында теракт ұйымдастырмақ болған, олардың қарулары тәркіленді

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қаласында діни экстремистер тобының сегіз мүшесін ұстады, деп хабарлайды Sputnik.

WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстандық WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған

Діни экстремистер ұяшығына қарсы арнайы операция дүйсенбі 25 маусымда жүргізілген.

Топ мүшелерін ұстау кезінде оқ ататын қару, оқ-дәрі және діни әдебиет табылыпты.

"Аталған тұлғалар Қазақстан аумағында бірнеше теракт жасауға дайындалды, терроризмді насихаттап, мүліктік қылмыс жасады деген күдікке ілінген", — деп хабарлады ҰҚК.

Ведомство арнайы операция кезінде ұсталған тұлғалардың суретін жариялады.

© Photo : ҰҚКОралдағы экстремистерді ұстау
Оралдағы экстремистерді ұстау - Sputnik Қазақстан
Оралдағы экстремистерді ұстау
Жаңалықтар
0