Саясат

Сириядан оралғандардың тағдыры не болады? Назарбаев тапсырма берді

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіНұрсұлтан Назарбаев ҚР "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сырбар сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек екенін айтты

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Арнайы жасақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Батыс Қазақстанда қаруланған экстремистер тобы құрықталды

Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.   

Жаңалықтар
0