Қоғам

Түнде тамақ жеу неге зиян?

Мамандар кешкі мезгілде немесе түнде жеген тамақтың денсаулыққа айтарлықтай зиян екенін айтады. Бұл созылмалы ауруларды асқындырып, семіздікке шалдықтырады, сондай-ақ, рак ауруын қоздырады
Sputnik

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Кешкі уақытта теледидар алдында отырып тамақ жеудің денсаулыққа қаншалықты зиян екені және бұл әдеттен қалай арылуға болатыны туралы РИА Новости басылымы жазды.

Түскі асты бөліп ішу

Тым кеш немесе түнде тамақ жейтін адамдар екі категорияға бөлінеді. Толығырақ Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас диетолог маманы, медицина ғылымдарының докторы Антонина Стародубова айтып берді.

Әлемдегі ең үздік диета белгілі болды

"Бұл жұмыста немесе үйден жырақта жүргенде тамақ ішуге мүмкіндік болмаумен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, біреулер үйге жұмыстан кеш келіп, кешкі мезгілде немесе түнге жуық қана тамақ ішуі мүмкін. Бұл психикалық дені сау, психологиялық проблемалары жоқ адам", — дейді ол.

Стародубованың айтуынша, адамдар таңертең тойып таңғы ас ішпейді немесе таңғы ас ішіп, түскі астың орнына калориясын ескермей түрлі тамақ жей береді. Ал жұмыстан кейін олар майлы әрі порциясы үлкен тамақ ішеді. Осылайша, олар бір күнде көп тамақ жейді.

Тамақтану уақыттарының бір-бірлерінен алшақтығы қауіпті ауруларға шалдықтырып қоймай, асқазан жарасы, гастрит және ішек ауруларын асқындырып жіберуі мүмкін. Бұдан өзге кешкі уақытта көп тамақ жеу метаболизмнің бұзылуына әкеліп, қант диабетіне шалдықтырады және липидтер мен көмірсулардың өзара дұрыс алмасуына кедергі жасайды. Сондай-ақ, кешке немесе түнде майлы тамақ жеген соң адамның ұйқысы бұзылып, асқазаны қыжылдап, іші ауырады.

"Әрине, дәрігерлер дәл бұлай тамақтануға кеңес бермейді. Себебі, ол денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мүмкіндігінше күнделікті кемінде үш рет тамақтанған жөн немесе 5-6 рет кіші порциялармен тамақтанып жатса нұр үстіне нұр болар еді", — дейді диетолог.

Түнде тамақтану — қажеттілік пе әлде тәуелділік пе?

Стародубованың айтуынша, екінші топқа психологиялық және психиатриялық проблемалары бар адамдар кіреді. Медицинада бұл тамақтану тәртібінің бұзылуы, ал ағылшын әдебиетінде "түнгі тамақ синдромы" деп аталады.

Ғалымдар өмірді ұзартатын диета туралы айтты

Бұл топтағы адамдардың күні бойы тамаққа тәбеті болмайды. Осының салдарынан олар ағза қажеттілігін өтеу үшін кешкі уақытта тамақтанады. Дәлірек айтсақ, кешкі астан кейін тағы да тәулік нормасының 25%-ін жейді.

Мұндай пациенттер кей жағдайда семіздік ауруына шалдығулары мүмкін. Мұнымен қатар, оларда жиі метаболизм процестері бұзылып, глюкоза мөлшерін бақылай алмай, қан құрамында майлар көбейе бастайды. Маманның айтуынша, адамның кешкі ас ішкен уақыты мен ұйқыға жатар уақытының арасы неғұрлым жақын болса, оның онкологиялық ауруларға шалдығу қаупі соғұрлым жоғары болады.

Мәскеу наркология ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Олег Бузиктің айтуынша, кей адамдар психологиялық қиындықтарын жеңу үшін түнде тамақ ішеді. Кейін кінәні сезініп, өздерін жегідей жейді. Осы тұста жалғыздық кері әсерін тигізетін фактор болып табылады. Алайда серігі бар немесе отбасын құрған азаматтар да түнде тамақ ішуге бейім келулері мүмкін.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің жолын айтты

Маманның айтуынша, адам түнде қаншалықты көп тамақ ішкенін бақылай алмаса, ол тәуелділікке бой алдырады. Мұндайда сөзсіз адам көп тамақ ішуге бейім келеді.

"Бұл өте қиын жағдай. Мұндайда адам тамақтан өзгесін ойлай алмай қалады", — деп түсіндірді эксперт.

Яғни адам көп тамақ ішкеніне қарамастан, тойғанын сезбейді. Оның барорецепторлары жұмыс істемей қалады.

"Бұл қалауды қанағаттандыру мүмкіндігі болмай қалса, абстинентті синдромға ұқсас жағдай еске түседі. Біз осы тұста наркологиялық аурудың барлық белгілерін көріп отырмыз", — деп түсіндірді Бузик.

Өзгелері секілді тамаққа тәуелділік те адамның өздігінен психологиялық проблемаларын шеше алмауымен байланысты. Дәрігер мұндай жағдайда мамандарға жолығуға кеңес берді.

Чипсы жеп отырып сериал көру

Соңғы уақытта жастар арасында сериал, фильм немесе спорттық жарыстар көріп отырып тамақ жеу әдетке айналып барады. Дәрігердің айтуынша, бұл дұрыс емес.

Жапон халқы неге семіздікке шалдықпайды?

"Тамақ ішіп отырып теледидар көру немесе телефоннан бірнәрсе оқу — сөзсіз зиянды әдет. Ал қазір керісінше спорттық шараларды көріп отырып тамақ жеген дұрыс деген жарнамалар өріп жүр. Адам тамақты белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде, үстелде отырып, гаджет немесе теледидар қарамай жеуі тиіс. Мүмкіндік болып жатса, дастарханға қойылған ыдыстардың әдемі болғаны жөн. Тамақтар дәмді болып қана қоймай, әдемі туралғаны жөн. Осылайша адам тазалық сақтайды. Ал рацион мәселесіне келер болсақ, көкөністер, жеміс-жидектер мен ақуызы мол тағамдардың көбірек болғаны игі. Мұның барлығы мәдени түрде тамақтану ұғымымен байланысты", — деді Стародубова.

Ол, сондай-ақ, адамдардың теледидар көріп отырып калориясы өте көп фастфудтарды жиі тұтынатындарын айтып өтті. Яғни олардың құрамында тұз бен қант, май өте көп кездеседі.

"Бұл тағам түрін күнделікті тұтына беруге болмайды. Себебі, нәтижесінде артериялық қан қысымы қатты көтеріліп, жүрек-қан тамырлары ауруы, онкологиялық аурулар және қант диабеті асқынуы мүмкін", — деп түсіндірді ол.

Тағы оқыңыз: Жұлдызнамаңызға байланысты қандай диета ұстаған дұрыс?

Бұл үшін алаңдаған жөн бе?

Жоғарыда аталған аурулардан сақтанғыңыз келсе, майлы, тұзды, тәтті және қуырылған тағамды түнгі уақытта жемеген жөн.

"Кешкі асты кемінде ұйқыдан екі сағат бұрын жеу қажет. Кешкі асқа тез қорытылатын және калориясы аз тағамды тұтынған пайдалы. Кешкі астың калориясы тәулік нормасының 15-20%-ін құрауы тиіс. Ол ірімшік, омлет немесе балық пен көкөністен жасалған гарнир болуы мүмкін", — дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол диетолог мамандардың көп жағдайда ұйықтар алдында айран мен қышқыл сүт тағамдарын тұтынуға кеңес беретінін айтты. Мұнымен қатар, кешке тәтті жеміс жеуге болады.

Қандай ыдыстың рак тудыратыны белгілі болды