АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Бала кезде ақуызы аз тамақты жеу өмір жасын ұзартуға оң әсерін тигізуі мүмкін. Лондонның Фрэнсис Крик университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биологтар зерттеу жұмысына дрозофил шыбындарын пайдаланған. Олардың гендік ауруларының үштен екісі адамдікімен сәйкес келеді. Ақуызы аз тамақпен қоректенген шыбындар өз тұқымдастарына қарағанда екі есеге ұзақ өмір сүрген.
"Адамдар да дрозофилдер сияқты липид бөледі. Олар теріні ылғалдандырып, қоршаған ортаның күнделікті әсерінен қорғайды. Бірақ олар күн сәулесімен және басқа да стресс факторларымен реакцияға түсіп, зиян тигізуі де мүмкін. Реакция кезінде кәрілікті тездететін зиянды химиялық заттар түзіледі", — деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі, доктор Алекс Гулд.