Әлем

Ғалымдар қандай жеміс-жидектер қатерлі ісіктің алдын алатынын айтты

© Photo : Fotolia/CapifruttaЗертхана
Зертхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағылшын ғалымдары ішек-қарын жолының көптеген ауруын, оның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін жаңалық ашты

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik.  Уорик университетінің ғалымдары қабыну мен жасушаішілік процестердің арасындағы бұрын белгісіз болған байланысты анықтады, ол  ішек-қарын жолының көптеген ауруын, оның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуға және емдеуге көмектесуі мүмкін. Зерттеу Nature журналында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Музарт тобы қатерлі ісікке шалдыққан балалармен кездесті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Музарт" тобы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды қуантты
Ғалымдар аутофагия жасушаішілік механизмі – өзінің зиянды және зақымданған элементтерінің жасушаларын жұтып қою жүйесі бұзылған жағдайда қабынуға әкелетінін дәлелдеді. Бұл жаңалық тік ішек пен ішек-қарын жолы ауруларын емдеуі және алдын алуы мүмкін.  

Бірқатар азық-түлік аутофагия процесінің жұмысына оң ықпал етіп, қабыну процестері мен ішек-қарын жолы ауруларын алдын алуға көмектеседі. Оның қатарында анар, жүзімнің қызыл сұрпы, алмұрт, саңырауқұлақ, жасымық, соя және жасыл бұршақ бар.  


Жаңалықтар
0