АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Америкалық жүрек, өкпе және қан ұлттық институты сегізінші рет әлемдегі ең үздік диетаны анықтады. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланған.
Ғалымдардың айтуынша, DASH диетасы ағзаның сауығып, қан қысымының тұрақталуына және асқазан-ішек жолдарының тазаруына ықпал етеді.
Бұл диетаның басты талаптарының бірі — құрамында тұзы бар азық-түліктен шама-шарқынша немесе толықтай бас тарту және натрийге бай тамақты жемеу.
Ғалымдар DASH диетасы 40 диеталық тағамның ішіндегі үздігі деген қорытындыға келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл диета бірқатар жағдайда гипертонияға қарсы дәрі-дәрмектен бас тартуға да мүмкіндік береді.
Бұған дейін Шотландиядағы Абердин университетінің зерттеушілері калориясы төмен диеталардың адам өмірін ұзартатынын анықтаған еді. Мұндай тағам толық адамдардың ерте өлімінің қаупін 18 пайызға төмендетеді, деген сенімде ғалымдар.