Қоғам

Жапон халқы неге семіздікке шалдықпайды?

Жапон қалаларында жүріп, айналаңызды бақыласаңыз, семіздікке шалдыққан адам ілеу де біреу екенін байқайсыз
Sputnik

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Жапон халқы ешқашан семірмейді деуге болады, өмір салты мен тамақтану тәртібінің арқасында оларға артық салмақ төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды РИА Новости Жапония мемлекеттік денсаулық және тамақтану институтының диетолог зерттеушісі Хидэми Такимотомен сұхбаттан кейін.

Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалын тапты

Түскі ас кезінде және кешкісін, жапондардың ұзақ жұмыс уақыты аяқталғанда, Токио мен басқа қалалардың мейрамхана және дәмханаларында ұзын-сонар кезек пайда болады – бос үстел атымен жоқ. Жапондар көп тамақ жейді, тағам талғамайды, дене бітімі туралы тіпті бас қатырмайды да.

Телевидение мен радиодан күн сайын ас-ауқат тақырыбында неше түрлі бағдарламалар жүріп жатады, ал Жапония және басқа елдер туралы туристерге арналған жолсілтемеде негізінен көрікті жерлер ғана емес, дәмді тамақтанатын орындар да көрсетіледі.

Осыдан бес мың жыл бұрын адамдар не жеген?

Соған қарамастан, жапон қалаларын аралап жүрсеңіз, семіздікке шалдыққан адам таппайсыз.

Әлемдегі ең үздік диета белгілі болды

"Ашаршылық кезеңінен бері, Екінші дүниежүзілік соғыс біте салысымен, азық-түлікке деген сұраныс көбейсе де, жапондардың бір ерекшелігі – май тұтыну көлемі артқан жоқ", — деп пайымдайды Жапония халқының тамақтану тәртібі және семіздік проблемаларын зерттеумен айналысатын Хидэми Такимото.

"Тағы бір себебі – қала тұрғындары арасында көлікпен жүретіндер өте аз, демек көп күш жұмсайды", — дейді ғалым.

Такимотоның сөзіне сүйенсек, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапондар ет жемеген, бірақ соғыс біткен соң тұтына бастап, қазір балық пен ет тағамдарын көп пайдаланады.

"Тұзды аз пайдаланатындықтан, қан қысымы жоғары адамдар қатары күрт азайды. Жапондардың өлім-жітімінің басты себебі жүрек-қантамыр аурулары болса, қазір бұл дертке шалдыққандар саны төмендеп келеді.", — деп атап өтті ол.

Шындығында, Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің деректері бойынша, жүрек-қантамыр аурулары 1980 жылға дейін ғана Күн шығыс еліндегі өлім-жітімнің басты себебі болған. Алайда содан бері бірінші орынға онкологиялық аурулар шығып кетті, бұл дерттен қайтыс болғандар саны уақыт озған сайын артып барады.

Жасыңызды 10 жылға ұзартқыңыз келсе, не істеу керек?

Дегенмен, семіздік мәселесіне келсек, әзірше төніп тұрған қауіп-қатер жоқ, бірақ жапондардың тамақтану тәртібі жылдам өзгеретінін де ұмытпаған жөн.

Макарон жеп арықтауға бола ма — ғалымдар жауап берді