Қоғам

Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалын тапты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАс-ауқат
Ас-ауқат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Көзді емдеуге пайдаланылатын дәрі-дәрмектер семіздіктің де алдын алады, дейді зерттеушілер

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Су қараңғылықтан (глаукома) емдейтін дәрі-дәрмектің құрамындағы заттар негізінен майлы тамақ жейтін адамдардың артық салмақ жинамауына септігін тигізеді, деп хабарлайды РИА Новости The Independent басылымына сілтеме жасап.

Весы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемдегі ең үздік диета белгілі болды

АҚШ-тың Йель университетінің ғалымдары анықтағандай, белгілі бір гендарды алып тастағанда, ішек жасушалары май молекулаларын ағзаға жібермейді. Ағзасында сондай гендер мүлдем жоқ тышқандарды сегіз апта бойы майлы тағаммен қоректендірсе де, олар артық салмақ жинамаған, ал қарапайым тышқандар көп ұзамай семіздікке шалдыға бастапты.

"Майлар нәжіспен бірге ағзадан шығарылып, қан айналымы жүйесіне түспеген, сол себепті тышқандар майлы тамақ жесе де, еш семірген жоқ", — деп түсіндіреді зерттеушілердің бірі Фэн Чжан.

Ғалымдар семіздіктің пайдасын анықтады

Тағам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жұлдызнамаңызға байланысты қандай диета ұстаған дұрыс?

Зерттеушілер дәл осындай нәтижеге қол жеткізетін препараттар тобын анықтапты. Оларды адамдар бұрыннан қолданады екен. Көбінесе глаукома (су қараңғылықты) емдеуге пайдаланылады. Осы дәрі-дәрмекті тышқандардың ағзасына енгізген кезде де, ішектегі майды сору процесі тоқтап қалған.

Ғалымдардың айтуынша, осы дәрі-дәрмектердің негізінде болашақта семіздікке қарсы препараттар ойлап табуға болады. Дегенмен адамдар пайдаланған кезде жанама әсері де тиюі мүмкін, мәселен, пайдалы заттарды ағзаға сіңіруге кедергі жасайды, дейді зерттеушілер.

Ғалымдар семіздікті жеңудің тәсілін тапты

Жаңалықтар
0