АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
Көкшетау қаласында найзағай ойнайды, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертен тұман болады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Астана қаласында найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.
Петропавл қаласында солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. Найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.