АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Жексенбі елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығыса бастады. Бірақ бұл циклонның әсері республиканың орталығы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында сезіледі. Оның ықпалынан Сібірден салқын және ылғалды ауа массалары ығысады.
Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстанның шығысында өткінші жаңбыр, шығыс пен солтүстік-шығыста кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, қатты жел соғып, ауа температурасы төмендейді.
Елдің батысы мен оңтүстік-батысында ыстықтың беті аз уақытқа қайтқан соң қайтадан Ираннан ыстық ауа массалары ығысады. Оның ықпалынан ауа температурасы 40…43 градусқа дейін көтеріледі.