Өңірлер

Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDнайзағай
найзағай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін және ертең республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. "Қазгидромет" РМК Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел тұрып, бұршақ түсетінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Дәл осы күні Ақтөбе қаласында желдің екпіні 18 м/с дейін барады. 

Капли дождя - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бүгін ауа райы қандай болады?

23 шілдеде Ақмола облысының кейбір аймағында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз найзағай жарқырап, бұршақ жаууы мүмкін.

ертең түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Сондай-ақ, 23 шілдеде да жел күшейеді. 

Дәл осы күні Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін барады. Найзағай жарқырайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. 

Петропавлда да желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжануда.

Жаңалықтар
0