Өңірлер

Бүгін ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Болат ШайхиновКапли дождя
Капли дождя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірқатар облыста жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерде жаңбыр болады, бұршақ түсуі мүмкін, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Кей жерде жел күшейіп, шаңды дауыл, солтүстікте және шығыста тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде жел 15-20, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с, күндіз жекелеген аудандарында дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетіп, бұршақ түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз дауыл, бұршақ болуы ықтимал.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында  қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0