Өңірлер

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21-23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер: бірнеше облыста жел күшейіп, бұршақ жауады

Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон ығысып, ықпалынан бұл аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, кей жерлерде бұршақ, екпінді жел болады. Ауа температурасы төмендейді.

Бұл циклон республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райына да әсер етеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ, өткінші жаңбыр түседі. Найзағай ойнағанда жел 15…23 м/с-ке дейін күшейеді. 

Сондай-ақ, ауа температурасы солтүстікте және орталықта осы мезгіл үшін 2…3 градусқа әдеттегіден төмен болады. Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында ыстықтың төмендеуі болжанып отыр.

Жаңалықтар
0