АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Синоптиктер республиканың бірқатар облысында қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
21 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Ақтөбе қаласында да найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с дейін барады.
Күндіз 21 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Кейбір аймақта найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Петропавлда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Петропавлда жоғалып кеткен баланың денесі табылды
Сондай-ақ, 21 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқырайды, тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.