Өңірлер

Астана мен бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIқатты жел
қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғады, дауыл болады

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. 

24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. 

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауа райы болжамы: нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Көкшетау қаласында найзағай ойнайды, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертен тұман болады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 

қаласында найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертен тұман түседі.  Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні  — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. 

Петропавл қаласында солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. Найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Астанадағы нөсер жаңбыр мен бұршақ — фото

Жаңалықтар
0