Өңірлер

Аптап ыстық пен қатты жел. Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жарияланды
Sputnik

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. "Қазгидромет" РМК  алдағы күндері бірқатар облыста күн қатты ысып, жел күшейетінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер: бірнеше облыста жел күшейіп, бұршақ жауады

Ертең күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде сынап бағанасы 42, ал 23 шілдеде кей жерлерде 40 градусқа дейін көтеріледі. 

Демалыста ауа райы қандай болады?

Сондай-ақ 22-24 шілде күндері шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. 

23-24 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерде ойнайды. 

22 шілдеде Қостанай облысында желдің күші 17-22 м/с дейін жетіп, кей жерлерде найзағай жарқырайды деп болжануда. 

22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні кейбір аймақтарда 25 м/с дейін күшейеді. 

Петропавлда да желдің күші 15-20 м/с дейін барады.