АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. "Қазгидромет" РМК алдағы күндері бірқатар облыста күн қатты ысып, жел күшейетінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ертең күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде сынап бағанасы 42, ал 23 шілдеде кей жерлерде 40 градусқа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ 22-24 шілде күндері шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.
23-24 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерде найзағай ойнайды.
22 шілдеде Қостанай облысында желдің күші 17-22 м/с дейін жетіп, кей жерлерде найзағай жарқырайды деп болжануда.
22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні кейбір аймақтарда 25 м/с дейін күшейеді.
Петропавлда да желдің күші 15-20 м/с дейін барады.