Өңірлер

Синоптиктер: бірнеше облыста жел күшейіп, бұршақ жауады

"Қазгидромет" РМК республиканың бес өңірінде дабылды ескерту жариялады
Sputnik

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Синоптиктер республиканың бірқатар облысында қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нөсер жауын мен аптап ыстық. Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды

21 шілде күндіз кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Ақтөбе қаласында да найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с дейін барады. 

Күндіз 21 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Кейбір аймақта найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Петропавлда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Петропавлда жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Сондай-ақ, 21 шілдеде кей жерлерінде найзағай жарқырайды, тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында сегіз жасар қызға жай түсті