АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон ығысып, ықпалынан бұл аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, кей жерлерде бұршақ, екпінді жел болады. Ауа температурасы төмендейді.
Бұл циклон республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райына да әсер етеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ, өткінші жаңбыр түседі. Найзағай ойнағанда жел 15…23 м/с-ке дейін күшейеді.
Сондай-ақ, ауа температурасы солтүстікте және орталықта осы мезгіл үшін 2…3 градусқа әдеттегіден төмен болады. Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында ыстықтың төмендеуі болжанып отыр.