Өңірлер

Нөсер жауын мен аптап ыстық. Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды

Алдағы күндері бірқатар облыста нөсер жауын жауады, ауа температурасы 42°С дейін көтеріледі
Sputnik

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың бес өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Синоптиктердің болжамынша, 18 шілде күні түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, онтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде найзағай ойнайды.

Алдағы күндері Қазақстанда 43 градус ыстық болады

Ақтобе қаласында оқта-текте жауын жауып, найзағай жарқылдайды.

Жасөспірімге найзағай түсіп, қаза тапты

18-20 шілде күндері Жамбыл облысында сынап бағанасы 38°С дейін көтеріледі. 

Сондай-ақ, 18 шілдеде Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С градус ыстық болады деп болжануда. Таңертең және күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. 

ШКүндіз 18 шілдеде Қостанай облысының кейбір аймағында найзағай ойнап, жел күшейеді. Күн 36 градусқа дейін ысиды.

Аптап ыстықтан 3 адам қайтыс болды