АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" РМК 17-19 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің ақпаратынша, алдағы үш күнде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында ауа температурасы +40…43 градус болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Мұндай ауа райы Кіші Азия аудандарынан ығысатын ыстық ауа ағындарымен байланысты.
"Ал шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді. Соның әсерінен кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, күн жылы болады", — делінген хабарламада.