АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Күннің жарығының жетіспеушілігі адамның психикасына теріс ықпал етеді, салдарынан ол обессивті-компульсивтік дертке шалдығады. Бұл туралы Eurekalert хабарлайды.
Бингемтон университетінің ғалымдары әлемде обессивті-компульсивтік дерттің таралуына қатысты мәліметтерді әр жердегі ауа райы жағдайына байланысты талдаған. Күндізгі жарық жетіспейтін елді мекендерде тұратын адамдарда тәуліктік цикл мен циркадты ырғақтың бұзылатыны, ал мұның дертке шалдығу қаупін арттыратыны анықталды.
Бұдан бөлек, солтүстік ендіктегі елдерде бұлтты күндер көп болатындықтан, науқас адамдардың ауруы асқынады екен. Өйткені күннің жарығының жетіспеуі ұйқы режиміне теріс ықпал етеді.