АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Тамбовта, бастапқы деректер бойынша, анасының кесірінен екі айлық сәби күйік алған.
Оқиға 11 шілдеде Тамбовтың оңтүстік шетіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлады Тамбов облысы бойынша Тергеу комитеті.
Оқиға орнына дәрігерлердің шақыруымен келген полицейлер анықтағандай, болған жайтқа анасының темекі шегуі себеп болған сияқты. Балконда жүрген 19 жасар ана баланың жылаған дауысын естіп, уатып жатқанда темекінің күлі арбаға түсіп кеткенін байқамаған. Ал арбаның өртенгенін көргенде, бәрі тым кеш еді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денесінің 12%-ы күйген, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бір қалыпты ауыр.
Тергеу комитеті хабарлағандай, жас отбасының көршілері, туыстары мен достарынан жауап алынған. Барлық материал ювеналды полицияға берілді. Енді олар сәбидің қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын анықтайды.
Полиция 11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққанын анықтады
Түркістан облысында көлікте үш жасар бала өртеніп кетті