Әлем

Темекі шеккен әйел екі айлық сәбиін өртеп жібере жаздады

CC0 / bingngu93 / Сәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Тергеу комитеті тексеруді бастады. Бастапқы болжам бойынша, баласы анасының кесірінен күйіп қалған

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Тамбовта, бастапқы деректер бойынша, анасының кесірінен екі айлық сәби күйік алған.

Талдықорған тұрғыны өзінің 5 жасар ұлын кепілге алды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Талдықорған тұрғыны өзінің 5 жасар ұлын кепілге алды

Оқиға 11 шілдеде Тамбовтың оңтүстік шетіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлады Тамбов облысы бойынша Тергеу комитеті.

Оқиға орнына дәрігерлердің шақыруымен келген полицейлер анықтағандай, болған жайтқа анасының темекі шегуі себеп болған сияқты. Балконда жүрген 19 жасар ана баланың жылаған дауысын естіп, уатып жатқанда темекінің күлі арбаға түсіп кеткенін байқамаған. Ал арбаның өртенгенін көргенде, бәрі тым кеш еді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денесінің 12%-ы күйген, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бір қалыпты ауыр.

© Photo : Тамбов облысы бойынша Тергеу комитетіӨртеніп кеткен арба
Өртеніп кеткен арба - Sputnik Қазақстан
Өртеніп кеткен арба

Тергеу комитеті хабарлағандай, жас отбасының көршілері, туыстары мен достарынан жауап алынған. Барлық материал ювеналды полицияға берілді. Енді олар сәбидің қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын анықтайды.

Полиция 11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққанын анықтады

Түркістан облысында көлікте үш жасар бала өртеніп кетті

Жаңалықтар
0