АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. "Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесі үйлену тойы, мерейтой және басқа да мейрамдарда жұлдыздардың алатын ақшасының мөлшерін бекітті.
Гонорардың құны 700 мың сумнан (90 доллар шамасында) 1,5 миллион сумға (190 доллар) дейінгі мөлшерде бекітіліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінде атап өткендей, тарифті белгілеген кезде халықтың мүмкіндігі ескерілген. Әншілердің тізімі кеңейтіліп отырмақ. Әзірге жаңашылдық тек Ташкентте енгізілген, бірақ бір айдың ішінде Өзбекстанның барлық қаласы мен өңірінде әншілердің тізімі мен олардың қызметінің құны белгілі болады.
Бұған дейін көрші елдің депутаттары ұлттық дәстүр, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ас та төк тойларға тыйым салмауды шешкені хабарланған еді.
"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар"
Шымкенттегі жұрттың жағасын ұстатқан торттың авторы оның бағасы туралы айтты