Әлем

Өзбекстанда енді "қара тізімге" енген азаматтарға кредит берілмейді

© Sputnik / Виталий АньковКүйзеліске түскен ер адамның архивтегі фотосы
Күйзеліске түскен ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстанда коммуналдық қарызы бар азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді, кредит берілмейді

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Өзбекстанда 1 мамырдан бастап коммуналдық қарызы бар азаматтардың тізімі жасалған электронды база іске қосылады, деп жазды centralasian.org.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл базаға кірген жеке және заңды тұлғаға ірі келісімдер жасауға, несие алуға және мемлекеттік қызмет көрсетуге, тіпті шетелге шығуға тыйым салынады.

Қазақстан мен Өзбекстан діни мерекелер бойынша ортақ пәтуа қабылдайды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан мен Өзбекстан діни мерекелер бойынша ортақ пәтуа қабылдайды

Қарызы бар тізімге электр энергиясы, суық су және ыстық су бойынша коммуналдық төлемақысы екі айлық есептік көрсеткіштен (1 АЕК – 172 240 сум) асып кеткен азаматтарды кіргізген. Заңды тұлғалар үшін 5 АЕК шамасында қарызы барларды қара тізімге енгізген.

Бірақ бұл борышкерлерге кезекті еңбек демалысына шығуға кедергі келтірмейді екен. Ол үшін бас прокуратура коммерциялық банктермен бірлесіп, әуежай, темір жол және автовокзал жанынан қарызды төлейтін арнайы касса ашпақ. Шетелге шыққысы келетін азаматтар, сол жерге қарыздарын төлеп кетуге болады.


Жаңалықтар
0